2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында өтетін 7-ші қысқы Азия ойындары тек спорттық қана емес, саяси мәні бар маңызды шара. Бұл - біздің еліміз үшін айтулы оқиға. Оған жан-жақты әзірлікпен келуіміз қажет. Азиада - Республиканың мәртебесін көтеріп қана қоймай, Қазақстанның халықаралық аренада өз орнын алуына ықпал ететін жалпыұлттық жоба.