Белоруссияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне Маңғыстау облысында күркіт қарда қалып қойған белорустық алысқа қатынайтын жүргізушілерді құтқарғандары үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды республиканың ТЖМ.
Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов астаналықтарды ағаш отырғызуға және сенбіліктерге баруға шақырды.
Вашингтон таяуда бір жынысты некелерге рұқсат етілген штаттар тізіміне қосылады, деп хабарлайды РИА Новости.
Батыс Қазақстан облысында алты адамнан тұратын лаңкестік ұйым қызметінің жолы кесілді, деп хабарлады сәрсенбіде Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қазақстан Ішкі істер министрлігінің 2012 жылға қойылған негізгі міндеттерінің бірі полиция қызметкерлерінің қызметтің-әскери дайындығын көтеру, сонымен қатар полицияны техника және арнайы құралдармен жабдықтау болып табылады, деп хабарлады сәрсенбіде ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстанда 2011 жылы Ерасым мен Кәусәр есімдері ең таңдаулы болды, деп хабарлады республиканың статистика жөніндегі агенттігі сәрсенбіде.
Оңтүстік Қазақстан облысында алты жүкті әйелдің өліміне байланысты үш емхананың бас дәрігерлері қызметтен босатылып, үш медициналық мекеменің лицензиясын қайтарып алу мәселесі қаралуда, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі ана мен баланы қорғау басқармасының бастығы Мағрипа Ембергенова.
Оңтүстік Қазақстан облысында жүкі әйелдердің тұмаудан қайтыс болу жағдайлары расталған жоқ, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі ана мен баланы қорғау басқармасының бастығы Мағрипа Ембергенова.
Қазақстан аумағында онкогематологиялық дертке шалдыққан балаларды емдейтін жаңа орталықтар салу жоспарда бар ма және науқас балалардың мәселесі бүгін күні қалай шешімін табуда? Бесінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековаға осындай сауал жолдады.
Мәжіліс депутаты Серік Оспанов Ақтаудағы қаржыландыруда мәселе туындаған үлескерлік құрылыс нысандарына көмек көрсетуді сұрайды.
Мумбай қаласында ақпан айының 10-ы мен 25-сі аралығында өтетін Халықаралық опера өнері фестиваліне Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының хор капелласы қатысады, деп хабарлады сейсенбіде Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы Қазақстан мұсылмандарының Әулие Валентин күнін тойлауын құптамайды.
Қазақстанда орта деңгейдегі техникалық мамандар мен медициналық қызметкерлер тапшы, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасында қарастырылған кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауыл тұрғындарына берілетін шағын несиелерді шағын қала тұрғындарына да беруді ұсынады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова өңір әкімдерін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша тек сұранысқа ие мамандықтарға оқытуға шақырды.
Сейсенбі таңертең www.intellkaz.kz адресі бойынша орналасқан комитет сайтының басты бетінде белгісіз біреулер баннер орналастырып, оған заңнамалық актілердің зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістеріне қарсы екендіктерін жариялаған.
Австралияда өлтірілген қазақстандық студенттің сәбиін Қазақстанға қайтару туралы мәселені қарау бойынша алғашқы сот отырысы ақпанның ортасында өтеді, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.
Жоғарғы соттың бұрынғы судьяларының аты шулы ісі бойынша процесс алқа билер алқасын қалыптастыруға мүмкіндіктің болмауына байланысты 16 ақпанға шегерілді, деп хабарлады Алматы облысы сотының баспасөз қызметі.
2011 жылы жүрекке 8 мыңнан астам ота жасалды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде ведомства басшысы Салидат Қайырбекова хабарлады.
Қазақстанда 2011 жылы сәби өлімі шамамен 10 %-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова.