

АСТАНА, 25 қаң –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның білім беру мектептерінің жартысынан көбі 2-3 ауысыммен жұмыс істейді, деп хабарлады сәрсенбіде республиканың статистика жөніндегі агенттігі.
«2011/12 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 67%-ы сабақтарды 2- 3 ауысыммен өткізді», - делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарламасына сәйкес, 2011/2012 оқу жылының басына Қазақстан Республикасында 7706 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді, олардың 7596 немесе 98,6% мемлекеттік болып табылады.
2011 жылы жалпы республика бойынша 65 жаңа мектеп пайдалануға берілді, онын ішінде 56 - ауылдық елді мекендерде.
Мектептердің жалпы санынан бастауыш мектептердің үлес салмағы 12,5% құрайды, негізгі - 14,8%, орта - 69,1%.
Бастауыш мектептердің жалпы санынан 95,4% ауылды елді мекендерде орналасқан, негізгі және орта мектептер бойынша бұл көрсеткіш тиісінше 93,8% және 70,6% құрайды.
«2011/2012 оқу жылының басына күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 2522,8 мың адамды құрады, ол өткен оқу жылымен салыстырғанда 0,3%-ға кем», - деп атап көрсетеді статистикалық агенттік.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қарастырылып отырған оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде балаларды оқыту 7 тілде жүргізілді: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, неміс, және ағылшын.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қазақ тілінде (3843) және орыс тілінде (1508) оқытатын мектептер басым (орта және жоғары оқу орындары жанындағы мектептерді, арнайы түзету мектептерін қоспағанда). Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқыту тек қана қазақ тілінде жүретін мектептер саны 15 мектепке өсті (0,4%-ға).