Новости-Казахстан

Сенбіде Қазақстанның батысы мен шығысында боран күтілуде

Метель
18:12 27/01/2012

 

АСТАНА, 27 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның батыс және шығыс облыстарында сенбі 28 қаңтарда боран күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» метео қызметі. 

 

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтілуде. Кей жерлерде қар жауып тұман болады, шығыс пен батыста – боран. Салқын антициклон өз әсерін Қазақстанның солтүстік бөлігінде сақтайды», - деп атап өтуде синоптиктер. 

 

Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, түнде Алматы, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман күтілуде.   

 

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіне секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

 

 

Маңғыстау облысында кей жерлерде көк тайғақ болып, күндіз боран соғып екпіні секундына 18 метрге жететін жел тұрады.