Кентау тұрғындарының пәтерлері 9 ақпан, бейсенбінің таңында жылынады, деп хабарлады сәрсенбіде қала әкімі Нұржігіт Қалмұрзаев.
Астана әкімі қысқы мезгілде автобус аялдамаларын жылумен қамтамасыз ету мүмкіндігін талдауда, деп хабарланады елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың блогында.
Сәрсенбі, 8 ақпанда Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы болжануда, тек республиканың батысында қар мен төменгі боран сақталуда, деп хабарлайды «Қазгидромет».
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Жаңаөзеннен 18 адам көшуге тілек білдірді, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова.
Қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе облысының барлық трассалары бойынша көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады дүйсенбіде Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
2011 жылғы желтоқсан айында жаппай тәртіпсіздіктер орын алған Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев қаржы полициясының жауап алуынан кейін ұсталды, деп хабарлады аймақтық «Ақтау Лада» газеті.
Сағат 11:10-дағы жағдайға сәйкес, Қазақстанда республикалық маңыздағы жолдарда қозғалысқа еш шектеу қойылған жоқ, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
ЖЭО-5 істен шығуы 30 градус аязбен сәйкес келді. Қазір жылу электр орталығының жұмысын қалпына келтіру үшін барлық шаралар қолға алынуда. Қалада ТЖ жою бойынша арнайы штаб құрылған. Ауруханаларда, 11 мектепте және 4 балабақшада ғимараттарды жылыту үшін қордағы шағын қазандықтар іске қосылған. Балабақшалдардың бірінде шағын қазандық жарамсыз болып, іске қосылған жоқ. Бір мектепте және алты балабақшада қордағы жылыту көздері болмағандықтан, жұмыс тоқтатылды. Қала халқы жылыту мәселесін өздері шешуге мәжбүр. Қалада энергия қуатын тұтыну 17 мегаваттан 19 мегаваттқа дейін ұлғайған. Бүгін қалаға тағы 500 электро жылыту құралдары әкелінеді.Тұрғындар оларды сатып алмақ.
Қазақстанның көшілік облыстарында сенбі, 4 ақпанда қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Өскеменнің жаңа әкімі болып Серік Тәукебаев тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Салмағы 4 кг сәби Көкшетау ауруханасында дүниеге келді, деп мәлімдеді Ақмола облыстық перинаталогия орталығының бас дәрігері.
Шығыc Қазақстан облысының оқушылары мен колледж студенттері қатты аяздарға байланысты қайтадан сабақтан босатылды, деп хабарлады ШҚО-ның баспасөз қызметі.
Қазақстанның екі оңтүстік облысы мен Маңғыстау облысында таяудағы күндері -30 градусқа дейінгі аяз сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет».
«Аяз таяу 2-3 күнде түседі. Өткен түн осы аптада ең суық болғаны белгілі. Астанада солтүстік-шығыса бағыттан желмен -39,7 градус болды, желмен қосылғанда ауа температурасы -60 градустай сезілді », - деді Чунтова агенттікке берген сұхбатында.
Қазақстанда шектен тыс аяздан болып 11 облыста қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды бейсенбіде Көлік және коммуникация министрлігі баспасөз қызметі.
Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында бейсенбі, 2 ақпанда қатты аяз сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
3G байланыс қызметтері 2012 жылы 50 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерде пайда болады, деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігі баспасөз қызметі.
Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2012 жылғы 1 ақпан күнгі, сағат 13.00-дегі жағдай бойынша, ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 6 учаскелерінде көлік қатынасына шектеу қойылып, Ақмола облысында барлық бағыттарда - жолаушы және дизельді отынмен жүретін автокөліктер үшін жолдар ашылды.
ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі өндірістік филиалдар негізінде АҚ құру туралы шешім қабылады деп хабарлайды ҚМГ БӨ баспасөз қызметі.
2012 жылғы 1 ақпан күнгі сағат 11.00-дегі ақпарат бойынша ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Қазақстанның 6 облысында жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.