Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметкерлері оқу-жаттығулар барысында қорғану шайқасын жүргізуді машықтануда, оның ішінде түнгі жағдайларда да, деп хабарлайды бейсенбіде республиканың қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
«Серікбай Тұрымов Өтелгенұлы әкім болып тағайындалды, бүгін ұжымға таныстырылды», - деді Тілегенов агенттіке телефон арқылы берген сұхбатында. Бұған дейін Тұрымов Маңғыстау облысы аудандарының бірін басқарған. Бұрын облыс әкімі орынбасары қызметінде болған.
«Менің медициналық тексеруден өтуіме және бұл жайлы газетте жариялауыма тура келді. Менің дәрігерім бұндай денсаулықпен армияға шақыратынын айтты», - деді Назарбаев Германияға сапары аясындағы баспасөз конференциясында деп мәлімдейді «Казахстанская правда» газеті.
«Шағын қалалардың мәселелері және оларды шешу жолдары. Ресей мен Қазақстан тәжірибесі» тақырыбындағы Мәскеу –Астана бейне көпірі бейсенбі, 9 -ақпанда Астанада орналасқан РИА Новостидің Орталық Азиядағы өкілдігінде өтеді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ГФР-ге сапары барысында бірнеше миллиард еуроға 50 келісім шартқа қол қойылды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ГФР-ға жасаған ресми сапары барысында неміс компанияларын Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі сәрсенбіде.
Болгария Республикасының Үкіметі Шенген аумағының мүше мемлекеттерімен берілген ұзақ уақытқа жарамды бірыңғай (шенген) визалар иелеріне қатысты визалық тәртіпті қолдану туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Қазақстанның СІМ баспасөз қызметі.
АҚШ Алматыда қамауға алынған қазақстандық оппозиция белсенділерінің ісін тергеуде әділдік танытуға шақырады, деп мәлімдеді АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфакс.
АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфакс Шаңқай Ынтымақтастық Ұйымын НАТО-ның бәсекелесі деп санамайды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед бірқатар елдердің Төтенше және Өкілетті Елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
Мәжіліс ҚР арқылы әскери техниканы Ауғанстанға тасымалдау туралы Испаниямен келісімді ратификациялады, деп хабарлайды сәрсенбіде агенттік тілшісі.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары 7-8 ақпанда өтеді, деп хабарлады Қазақстандық СІМ-нің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.
КЕДЕН КОМИТЕТІНІҢ БҰРЫНҒЫ БАСШЫСЫ БАЙМАҒАНБЕТОВ ПАРАМЕН ТҰТҚЫНҒА АЛЫНДЫ
Ұлттық коалициялық партияның үміткері 63 жасар Саули Ниинисте Финляндия президенттік сайлауында 62,6 % дауыс жинап жеңіске жетті, деп хабарлайды РИА Новости Финляндия Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
Еуропалық Одақтың сыртқы істер және саясат қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейту бойынша диалог республиканың саяси жаңаруы саласындағы ілгеріліске байланысты, деп мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда вице-министрі болып Жақсылықов Тимур тағайындалды, бұрынғы вице-министр Тимур Сүлейменов Еуразиялық экономика комиссиясының Экономика және қаржы саясаты жөніндегі мүшесі (министр) болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақстанның экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы лауазымына Асқар Әмірин тағайындалды, деп хабарланады республика президентінің сайтында.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика үкіметіне елбасының халыққа арнаған жолдауында белгіленген міндеттерді орындау бойынша жұмысты ұзартпауды тапсырды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы болып республика премьер-министрі кеңсесінің бұрынғы басшысы Ғабидолла Әбдірахимов тағайындалды.