Новости-Казахстан

Қазақстанның Корей Республикасындағы елшісі ауысты

Акорда, резиденция президента, Астана
19:36 27/01/2012

 

АСТАНА, 27 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Республикасының Корей Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Дулат Бақышев тағайындалды, деп хабарлады жұмада мемлекет басшысының баспасөз қызметі. 

 

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Дулат Хангерейұлы Бақышев Қазақстан Республикасының Корей Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды; Дархан Әлиұлы Бердәлиев Қазақстан Республикасының Корей Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.