Новости-Казахстан

Қазақстанның Белоруссия, Испания және Канададағы елшілері тағайындалды

Резиденция президента "Акорда"
19:53 25/01/2012

АСТАНА, 25 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның Белоруссия, Испания және Канададағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды, деп хабарлады сәрсенбіде мемлекет басшысының баспасөз қызметі.  

 

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Ерғали Бөлегенұлы Бөлегенов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды; Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды; Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.