Новости-Казахстан

Мәдениет және ақпарат министрі болып Дархан Мыңбай тағайындалды

Карим Масимов
18:41 23/01/2012

 

АСТАНА, 23 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Мәдениет және ақпарат министрі болып Дархан Мыңбай тағайындалды, деп хабарлады Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов.   

 

«Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайды таныстыруға бара жатырмын», - деп жазды Мәсімов өз twitter-аккаутында

 

 

Мыңбай әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, республиканың мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі  қызметтерін атқарған.