АСТАНА, 1 жел – Қазақстан жаңалықтары АА. Ресей ЕҚЫҰ саммиті қорытынды құжаттарының «Грузиядағы шиеленіс» туралы тұжырымдамасын қолдамайды, деп мәлім етті тілшілерге сәрсенбіде РФ СІМ басшысы Сергей Лавров.
«Біз саммиттің қорытынды құжаттарында Женева пікірталастарының жұмысын белсенді және жете қолдауға дайынбыз. Бірақ біздің кейбір батыс әріптестеріміз ұсынғандай біз бұл пікірталастардың «Грузиядағы шиеленістеріне» арналуымен келісе алмаймыз», - деді Лавров.
Министрдің айтуынша, келіссөздер процесіне Абхазия мен Оңтүстік Осетияның толық құқықты қатысу фактісі олардың тәуелсіз мемлекет мәртебесін айқындайды.
«Грузияның бұрынғы шекараларындағы аумақтық тұтастығы туралы сөз бола алмайды», - деп мәлімдеді Лавров.


Twitter
Мой Мир