Түркістанда жас жігіт 20 мың теңге өзінің туған апасын өлтіруге тапсырыс берген, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.
Қазақстанмен шектесетін Ресейдің Томск қаласында үш жасқа дейінгі екі сәбидің доңыз тұмауына шалдығу жағдайы тіркелді, сәбидің бірі Қазақстаннан Томскіге бара жатқан жолда сырқаттанған, деп хабарлайды «Томск» мемлекеттік телерадиокомпаниясы тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметтің Томск облысы бойынша басқарма жетекшісінің орынбасары Светлана Алексееваға сілтеме жасап.
Қарағандының Киров полиция бөлімі кабинеттерінің бірінді өрт болды, деп хабарлады бейсенбіде Қарағанды облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысының Зыряновскідегі шамамен 400 тұрғынды сусыз қалдырған апат кешке қарай қалпына келтіріледі, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысында Зыряновскіде қатты аяздан болған су құбырының апаты салдарынан төрт жүзге жуық адам сусыз қалды, деп хабарлайды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Атбасарда бірінші сынып оқушысы қолдан жасалған тапаншадан өз басына оқ атып, қазір ауыр жағдайда дәрігерлік жан сақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды бейсенбіде облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Семейде Ресейден әкелінетін тамақ өнімдерінен ішек таяқшалары мен мышьяктың үлесі қалыпты мөлшерден екі есе көптігі анықталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы қалалық техникалық реттеу бөлімі мамандарына сілтеме жасап.
Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан жолаушылар пойыздарының қозғалысы түгелімен тоқтады.
Астананың жол полициясы 10 ақпанға дейін қаладағы «Қауіпсіз жол» атты алдын алу-шаралары аясында күшейтілген қызметке көшті, деп хабарлайды ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, 2012 жылғы 9 сағат 30 минөтте ауа-райының қолайсыздығы салдарынан (боран, жолдың нашар көрінуі) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында көлік жолдары жабылды, деп хабарлайды ҚР ККМ баспасөз қызметі.
Қазақстанның зияткерлік меншік құқығы комитеті сайты бұзылған компьютердің орналасқан жері анықталды делінген әділет министрлігінің сайтында.
Байғанин ауданында Қарауыл келді өткелінде жолдың нашар көрінуінен «Маңғышлақ-Ақтөбе» бағытындағы жолаушы пойызы мен К-700 тракторы соқтығысып ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ТЖ баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысында «Маңғышлақ -Алматы» жолаушылар пойызының трактормен соқтығысу нәтижесінде бір адам қаза тауып, тағы біреуі жарақаттар алды, деп хабарлады Қазақстанның ТЖМ.
Қарағанды облысы Балқаш көлінде балықшылар мінген «УАЗ» автокөлігі мұздың астына түсіп кетіп, бір адам қаза тапты, деп хабарлады сейсенбіде Қазақстанның ТЖМ.
Шымкенттік полицейлер екі кісінің өліміне алып келген ауыр қылмыстың бетін ашты, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.
Қарағанды полицейлері 14 жылдан бері Ресейде зорлық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлады сейсенбіде Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
Ақмола облысының тұрғыны колония тұтқынына екі ұялы телефон бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлады сейсенбіде Ақмола облысы сотының баспасөз қызметі.
Қостанай облысында жеткіншек пен мүгедек кісіге жалғыз басты әйелді өлтірді деген айып тағылды, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі сейсенбіде
Кентаудағы ЖЭО-ның үшінші қазандығы жөнделді, оны іске қосу дайындығы жүріп жатыр, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметшісі міндетін атқарушы Дәурен Дүйсебаев.
Петропавлда алаяқтық жолмен мүліктік шығын келтіргені үшін көрші елдің құқық қорғау органдары іздеу жариялаған Қырғызстан азаматы ұсталды, өңірдің ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.