Қазақстанның Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев халықаралық сарапшыларды тартумен барлық отандық әуе компаниялар мен әуежайларды тексеруге тапсырма берді.
БТА Банкінің корпоративтік сайтына DDOS шабуылдары жалғасып жатыр, соған байланысты сайттың және интернет-банкинг жүйесінің жұмысы тұрақсыз болуы мүмкін, деп хабарлайды несие ұйымының баспасөз қызметі.
Астанада 2011 жылғы қаңтар-қарашада орташа еңбекақы 124 мың 62 теңгені құрады, деп мәлімдеді қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов.
2012 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік саудла ұйымына енетініне сенім білдірді АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфакс.
Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бағасы ағымдығы жалдың қаңтар айында, 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда өзгерген жоқ, яғни бір шаршы метр үшін 154 мың 123 теңгені құрады, деп хабарлады республиканың статистика жөніндегі агенттігі.
«Кіші қалалардың мәселелері және оларды шешу жолдары. Ресей мен Қазақстан тәжірибесі» тақырыбындағы Мәскеу –Астана бейне көпірі бейсенбі, 9 ақпанда Астанада орналасқан РИА Новостидің Орталық Азиядағы өкілдігінде өтеді.
Солтүстік Қазақстандағы астық сақтау қоймасының көлемі 300 мың тонна болатын астық өңдеу бойынша зауыт-кешеннің құрылысын Біріккен Араб Әмірліктерінен келген шейх Абдул Маджид Аль Фахим инвестициялайды, деп мәлімдеді облыс әкімі Серік Біләловпен үш жақты кездесуде «Goldhein investments limited» компаниясының президенті Давид Варагян.
Құрамына 18 ұйым кіретін, республиканың ЖЖМ нарығында бөлшек сауданы іске асыратын қазақстандық отын қауымдастығы мұнай өнімдері баға айырмашылығын 10 пайыз төмендетуді ұсынады, деп хабарлайды сәрсенбіде осы қауымдастықтың төрағасы Болат Әуетаев.
Қазақстанда мұнай өнімдерін шығаруға кедендік баж салығын көтеру туралы үкіметтің қаулысы күшіне енді, деп хабарлады республиканың экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі сейсенбіде.
«Соған байланысты банк басшылығы қауіпсіздік мақсатында сайттың жұмысын уақытша тоқтатты. Қазіргі уақытта банк қызметкерлері шабуылды жою және сайт жұмысын қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізуде», - делінген сейсенбіде таратылған БТА баспасөз хабарламасында.
KPMG бағалау методикасына сәйкес 63,3 ℅ деңгейіндегі корпоративтік басқару рейтингісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға берілді, деп хабарлады дүйсенбіде ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
2012 жылдың 1 -31 қаңтары аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы тұтынушыларына 7 млн. 370 мың тонна көмір тиеді, деп хабарлады дүйсенбіде компанияның баспасөз қызметі.
Қаржы министрлігінің салық комитетін басқарған Дәулет Ерғожин Қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Халықаралық көрме бюросы сараптамалық комиссиясы Астанаға Қазақстанның ЕХРО -2017 өткізуге дайындығын тексеруге келеді, деп хабарлайды жобаның баспасөз қызметі.
Халықаралық көрме бюросының сарапшылары ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстанның елордасына Астананың ЭКСПО-2017-ні өткізуге берген тапсырысын дамыту бойынша дайындық жұмыстарымен танысу үшін келеді, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі жұмада.
Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігі алдағы егістік науқанына бір литрін 80-81 теңгеден дизель отынының 360 мың тоннасын жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады республиканың ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков жұмада.
Қазақстан 2011 жылдың соңғы үш айында экспортқа шығаратын астық көлемін 1,2 миллион тоннаға дейін жеткізді, деп хабарлады республиканың ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков жұмада.
Қазақстанға ай сайын бір миллион тонна астықтық экспортқа шығарып отыру үшін 15 мың вагон қажет, деп мәлімдеді республиканың ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков жұмада.
«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қарызын 4 миллиард долларға қайта қаржыландыруды ұсынады, деп мәлімдеді жұмада ҰӘҚ басшысы Өмірзақ Шөкеев.
Қазақстанда 2011 жылы ауыл шаруашылығы ішкі өндірісінің көлемі 27% өсті және 2,2 триллион теңгеден асты делінген республика ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хабарламасында.