

АСТАНА, 27 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Банк секторының артық өтімділігі мен Қазақстанмен экспортталатын әлемдік нарықтағы шикізаттың жоғары бағасы дағдарыстық құбылыстың күшею жағдайында экономикаға беріктіктің қомақты қорын береді, деді республика Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко.
«Валюта бағамдары – тұрақты, банктік сектордағы халықтың салымдары мен кәсіпорындардың депозиттері өсуде, яғни бізде макро көрсеткіштер бойынша жағдай жақсы», - деп атап өтті ол Астанада тілшілермен тілдесуде.