Новости-Казахстан

Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді

поле уборочная урожай пшеница
13:09 27/01/2012

АСТАНА, 27 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығын дамыту және оның экспорттық әлеуетін арттыру  бойынша бірқатар тапсырмалар берді.


Атап айтқанда, Назарбаев аграрлық өндіріске  жекеменшік инвестициялар салу  тәуекелдерін төмендету бойынша қарыздарды сақтандыруды кепілдендірудің мемлекеттік жүйесін әзірлеу және енгізу қажеттілігі, сондай-ақ фермерлерді қаржыландыруды кеңейту қолжетімділігі үшін баламалы жолдау іздеуге шаралар қабылдау  туралы мәлімдеді.

«Мемлекетке астық саласын құрылымдау қажет, елімізде бірыңғай астық холдингін құру керек», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, ет  өндірісі экспорттық әлеуетін арттыру бойынша жобаны іске асыруды белсендіру қажет деп мәлімдеді мемлекет басшысы.