

АСТАНА, 25 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып Елена Бахмутова тағайындалды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев журналистерге берген сұхбатында хабарлады.
«Бізде 2 орынбасар тағайындалды, бірі - орнында қалған Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев, екіншісі - Елена Валентиновна Бахмутова. Ол қаржы активтеріне қатысты салаға басшылық жасайды, олар - банктер, қорлар, бізде орналасқан даму институттары», - деп хабарлады Ө.Шөкеев.