Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ГФР-ға жасаған ресми сапары барысында неміс компанияларын Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі сәрсенбіде.
Батыс Қазақстан облысында алты адамнан тұратын лаңкестік ұйым қызметінің жолы кесілді, деп хабарлады сәрсенбіде Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Болгария Республикасының Үкіметі Шенген аумағының мүше мемлекеттерімен берілген ұзақ уақытқа жарамды бірыңғай (шенген) визалар иелеріне қатысты визалық тәртіпті қолдану туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Қазақстанның СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан Ішкі істер министрлігінің 2012 жылға қойылған негізгі міндеттерінің бірі полиция қызметкерлерінің қызметтің-әскери дайындығын көтеру, сонымен қатар полицияны техника және арнайы құралдармен жабдықтау болып табылады, деп хабарлады сәрсенбіде ведомствоның баспасөз қызметі.
АҚШ Алматыда қамауға алынған қазақстандық оппозиция белсенділерінің ісін тергеуде әділдік танытуға шақырады, деп мәлімдеді АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфакс.
2012 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік саудла ұйымына енетініне сенім білдірді АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфакс.
АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфакс Шаңқай Ынтымақтастық Ұйымын НАТО-ның бәсекелесі деп санамайды.
Қазақстанда 2011 жылы Ерасым мен Кәусәр есімдері ең таңдаулы болды, деп хабарлады республиканың статистика жөніндегі агенттігі сәрсенбіде.
Оңтүстік Қазақстан облысында алты жүкті әйелдің өліміне байланысты үш емхананың бас дәрігерлері қызметтен босатылып, үш медициналық мекеменің лицензиясын қайтарып алу мәселесі қаралуда, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі ана мен баланы қорғау басқармасының бастығы Мағрипа Ембергенова.
Оңтүстік Қазақстан облысында жүкі әйелдердің тұмаудан қайтыс болу жағдайлары расталған жоқ, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі ана мен баланы қорғау басқармасының бастығы Мағрипа Ембергенова.
Кентау тұрғындарының пәтерлері 9 ақпан, бейсенбінің таңында жылынады, деп хабарлады сәрсенбіде қала әкімі Нұржігіт Қалмұрзаев.
Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бағасы ағымдығы жалдың қаңтар айында, 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда өзгерген жоқ, яғни бір шаршы метр үшін 154 мың 123 теңгені құрады, деп хабарлады республиканың статистика жөніндегі агенттігі.
Астана әкімі қысқы мезгілде автобус аялдамаларын жылумен қамтамасыз ету мүмкіндігін талдауда, деп хабарланады елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың блогында.
«Кіші қалалардың мәселелері және оларды шешу жолдары. Ресей мен Қазақстан тәжірибесі» тақырыбындағы Мәскеу –Астана бейне көпірі бейсенбі, 9 ақпанда Астанада орналасқан РИА Новостидің Орталық Азиядағы өкілдігінде өтеді.